Кибералаяқтардан қалай қорғанамыз: полиция кеңесі

Кибералаяқтардан қалай қорғанамыз: полиция кеңесі

Кибералаяқтардан қалай қорғанамыз? Полиция кеңес береді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

SMS арқылы келген кодтарды, CVV, PIN-код пен онлайн-банкинг логиндерін ешкімге жария етпеңіз;

Күмән тудыратын сілтемелерге өтпеңіз;

Бейтаныс нөмірлерге қайта қоңырау шалмаңыз;

Банк, "Қазпошта" және басқа да ресми ұйымдар ешқашан телефон арқылы ақша аударуды сұрамайды;

Күмән туындаған жағдайда әңгімені бірден тоқтатып, ресми байланыс орталығына хабарласыңыз.

Егер сіз алаяқтық әрекетке тап болсаңыз, дереу полицияға жүгініңіз немесе "102" нөміріне қоңырау шалыңыз.