Елордада пластик бөтелке мен алюминий қалбырларды қабылдайтын 10 фандомат жұмыс істейді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында «Жасыл даму» АҚ қолдауымен елімізде Sparklo фандоматтары Астана, Алматы, Ақтөбе және Петропавл қалаларында тұрғындарға қызмет көрсетуде.
«Фандоматқа пластик бөтелке мен алюминий қалбырды өткізу арқылы сіз: қоршаған ортаны қорғауға үлес қосасыз; қалдықтардың қайта өңделуіне ықпал етесіз; табиғи ресурстарды үнемдеуге атсалысасыз; бонус жинап, түрлі сыйақыларға ие боласыз» делінген хабарламада.
Астана қаласы фандоматтар: Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 – «Нұрлы Орда» бизнес орталығы; Жансүгіров көшесі, 8/1 – «Аружан» СОСО; Д.Қонаев көшесі, 8 – «Изумрудный квартал» бизнес орталығы; Жеңіс даңғылы, 62 – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті; Достық көшесі, 9 – «Keruen» СОСО; Қонаев көшесі, 6, Б блогы – «Қазақстан темір жолы» АҚ; Сығанақ көшесі, 17/10 – «Самұрық-Қазына» АҚ; Е-899 көшесі, 2 – Quantum STEM School (1-нүкте); Е-899 көшесі, 2 – Quantum STEM School (2-нүкте), «Дарын» мектебі.