Елорданың Достық үйінде «Мемлекеттік этносаясат және этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері» тақырыбында семинар ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық Даму Қауымдастығы ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің кәсіби құзыреттерін арттыру, мемлекеттік этносаясат саласындағы білімін жетілдіру болды.
«Қазақстандық Даму Қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры, семинардың модераторы Анар Битебаева аталған семинар еліміздің барлық өңірлерінде «Бірлік. Заң. Қоғам» республикалық бағдарламасы аясында өтіп жатқанын айтып, жоба таныстырылымын жасады.
Семинарда Құрылтай депутаты Наталья Рамазанова «Этносаралық текетірес: қайшылықтардан қақтығыстарға дейін» тақырыбында сөз сөйледі. Гуманитарлық ғылымдар магистрі, дінтанушы, мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қатынастар жөніндегі сарапшы Әли Үкенов ақпараттық-түсіндіру тобына ұлтаралық жанжалдың табиғаты жөнінде талдап, оны бақылау, болдырмау бағытында ұстануға тиіс негізгі қағидаларды ұсынды.
Оның айтуынша, бүгінгі мақсат – осы салада қызмет етіп келе жатқан мамандарға жаңа әдістер ұсыну. Семинар соңында сала мамандарына сертификаттар ұсынылды.