Елордамызға деген махаббатым ерекше

Елордамызға деген махаббатым ерекше
фото: Астана қаласының әкімдігі

Құрметті Астана қаласының тұрғындары!

Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елордамызға деген махаббатым ерекше. Жастық шағымның ең қызықты әрі жарқын кезеңдері осы қалада өтіп жатыр. Осындай заманауи, қарқынды дамып келе жатқан елордада өзімді шыңдап жүргеніме ерекше қуаныштымын.

Алдағы уақытта бұйыртса, Қазақстанымыздың және қасиетті елордамыздың атын халықаралық, дүбірлі байрақты бәсекелерде асқақтатып, Әнұранымызды талай мәрте шырқатуға өз үлесімді қосамын деп сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілеймін! Елордамыз әрдайым гүлденіп, көркейе берсін!

Астана күні құтты болсын!

Айбек Айбеков, 

грек-рим күресінің спортшысы