Астана қаласы Әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» қала зейнеткерлерін белсенді өмір салтын ұзарту және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру үшін Орталыққа шақырады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Зейнеткерлер үшін жаттығу терапиясы, йога, Цигун тыныс алу жаттығуы, кунг-фу, би, скандинавиялық жүріс, арт-терапиясы, еңбек терапиясы, ағылшын, қазақ тілдері, компьютерлік курстар, шахмат, тоғызқұмалақ, вокал үйірмелері жұмыс істейді.
Орталық филиалдары Алматы ауданы бойынша Р. Қошқарбаев көшесі, 29/1-үйде, Байқоңыр ауданы бойынша Абай көшесі, 46 үйде, Есіл ауданы бойынша Достық кешесі, 13-үйде, Сарыарқа ауданы бойынша Бейбітшілік көшесі, 25-үйде, Нұра ауданы бойынша Төлеби көшесі, 44-үйде орналасқан.
«Келіңіздер, тегін үйірмелерге жазылыңыздар! Денсаулық – байлықтан қымбат, сапалы өмірдің кепілі!» - делінген хабарламада.
Орталық дүйсенбі мен жұма күндері аралығында сағат : 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.