Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында елордалық теннисшілер Юлия Путинцева мен Анна Данилина әйелдер арасындағы жұптық сында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жартылай финалда Қазақстан жұбы Қытай Тайбэйінің өкілдері Се Шувэй мен Лян Эньшомен кездесті. Тартысты өткен матчтың екі партиясы да тай-брейкпен аяқталды – 6:7 (3:7), 6:7 (5:7). Осылайша, жарыс қорытындысы бойынша Путинцева мен Данилина Азия ойындарының қола медалін жеңіп алды.
Айта кетейік, екі спортшы да Азия ойындарына Астанадан аттанды. Юлия Путинцева үшін бұл 2026 жылғы Азия ойындарындағы екінші қола медаль. Бұған дейін елордалық спортшы әйелдер арасындағы жекелей сында қола жүлдеге ие болған.