«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Астана қаласының прокуратурасы жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша түсіндіру акциясын өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Ерекше назар — көппәтерлі тұрғын кешендердің аула аумақтарына. Дәл осы жерде көбіне балалар мен қарттар зардап шегеді. Прокуратура мен жол полициясының қызметкерлері тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратып, аулада жолдан қалай қауіпсіз өту керектігін көрнекі түрде көрсетті.
Жұмыс халықтың барлық санатын қамтыды — жаяу жүргіншілерді, жүргізушілерді, балалы ата-аналарды және аға буынды.
Жол апаттарын азайту тек әкімшілік шаралармен ғана емес, жүйелі профилактикамен де қамтамасыз етіледі.