Елордалық оқушылар халықаралық Жәутіков олимпиадасында топ жарды

Елордалық оқушылар халықаралық Жәутіков олимпиадасында топ жарды

Алматы қаласында 10-15 қаңтар аралығында дәстүрлі Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы ең беделді халықаралық білім сайыстарының бірі саналатын бұл олимпиадада әлемнің түрлі елдерінен келген дарынды оқушылар өзара бақ сынасты. Аталған зияткерлік додаға Астана қаласынан 25 оқушы қатысып, олардың 14-і жеңімпаз бен жүлдегер атанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Нәтижесінде елордалық оқушылар 6 алтын, 3 күміс және 5 қола медаль иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті.

Физика пәні бойынша нәтижелер
Алтын медаль иегерлері:
• Нұргүл Егенбергенова – «Nurorda» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
• Ілияс Қазымбек– «Spectrum» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;
• Мұхаммедали Жұмаділ – «Nurorda» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
• Мерген Сабыров – «Nurorda» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы.

Күміс медаль иегерлері:
• Григорий Мальцев – «Nurorda» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
• Иван Рудик – «Мирас» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері:
• Даниэль Төлебаев– «Nurorda» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
• Сұлтан Дарханұлы – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.

Математика пәні бойынша
Күміс медаль:
• Сұлтанәлі Алиасқар – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.

Информатика пәні бойынша нәтижелер
Алтын медаль иегерлері:
• Алдияр Сейтбай – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
• Максим Цой – «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері:
• Абдуррашид Аршинбек – «Nurorda» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
• Әділжан Саламат – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
• Әлфараби Алмас – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.

Халықаралық Жәутіков олимпиадасындағы бұл жетістіктер – елордалық білім беру ұйымдарында дарынды оқушыларды қолдау мен сапалы білім берудің жүйелі түрде жүзеге асып жатқанын көрсетеді.

















16 қаңтар 2026









Астанада екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары онлайнға ауыстырылды








16 қаңтар 2026









Астанада қар күреу жұмысына 1,5 мыңнан астам арнайы техника шығарылды








16 қаңтар 2026









«Балабақша – мектеп» жүйесі: елордада жаңа білім беру моделі жүзеге асып келеді








15 қаңтар 2026









Астанада мектеп оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттері онлайнға ауыстырылды








15 қаңтар 2026









Сарыарқа ауданында жаңа полиция пункті ашылды