Елордалық медицина қызметкерлері балаларды алғашқы көмек көрсетуге үйретті

Елордалық медицина қызметкерлері балаларды алғашқы көмек көрсетуге үйретті

«Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» базасында балалар үшін экскурсия және төтенше жағдайларда әрекет ету бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Іс-шара Балаларды қорғау күніне орайластырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Балалар жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысымен танысып, станция бойынша экскурсияны тамашалады, сондай-ақ практикалық шеберлік сабағына қатысты.

Станция мамандары қатысушыларға төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелері, «жедел жәрдем» шақыру алгоритмі және дәрігерге дейінгі алғашқы көмектің негізгі дағдылары туралы айтып берді.