Елордалық кәсіпкерлер «Адал кәсіпкер» акциясына қатысуға шақырылды

Елордалық кәсіпкерлер «Адал кәсіпкер» акциясына қатысуға шақырылды
фото: Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы

Астана қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы 2026 жылға арналған «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін «Адал кәсіпкер» акциясына қатысуға шақырады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Акцияның мақсаты – өз қызметін адал жүзеге асыратын, салық міндеттемелерін уақытылы орындайтын, қызметкерлердің құқықтарын сақтайтын, еңбек қауіпсіздігі талаптарын орындайтын және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұстанатын кәсіпкерлерді ынталандыру.

Акция келесі номинациялар бойынша өткізіледі: «Үлгілі салық төлеуші»; «Жауапты жұмыс беруші»; «Қауіпсіз бизнес»; «Әлеуметтік жауапты бизнес»; «Үздік өндірістік бизнес». 

Акцияға қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет: Таңдалған номинация көрсетілген толтырылған өтінім; Кәсіпорын және оның жетістіктері туралы қысқаша ақпарат; Акция шарттарына сәйкес растайтын құжаттар.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 23 қазан сағат 18:00-ге дейін. Толтырылған өтінім мен қажетті құжаттарды WhatsApp арқылы +7 775 153 32 33 (Әсел Өтегенова) нөміріне жолдау қажет.