Елордалық джиу-джитсудан спорт шебері сайлауда таңдауын жасады

Елордалық джиу-джитсудан спорт шебері сайлауда таңдауын жасады
фото: Астана қаласының әкімдігі

Бүгін Астана қаласының спортшысы, джиу-джитсудан спорт шебері, Қазақстанның 3 дүркін чемпионы, жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ересектер арасындағы әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері Бекзат Казтаев Астана қаласындағы №311 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бекзаттың айтуынша, сайлауға қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін танытатын маңызды қадам.

«Әр азамат өз таңдауын жасап, еліміздің болашағына бейжай қарамауы керек деп ойлаймын. Спортта біз әрдайым мақсат қойып, нәтижеге жетуге ұмтыламыз. Ел өмірінде де әрқайсымыздың таңдауымыз бен азаматтық ұстанымымыз маңызды. Сондықтан бүгін өз дауысымды беріп, азаматтық борышымды орындадым», – деді спортшы.

Бекзат Казтаев үшін спорттағы жеңістермен қатар, ел дамуына үлес қосу және жастарға үлгі болу – басты құндылықтардың бірі.