Елордалық 104 жастағы тыл ардагері үйінде дауыс берді

Елордалық 104 жастағы тыл ардагері үйінде дауыс берді

Бүгін ауданымызда тұратын елордамыздың ең үлкен жастағы тұрғыны – 104 жастағы тыл ардагері Анна Григорьевна өз шаңырағында дауыс берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ғибратты ғұмырында ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, ел дамуына өз үлесін қосты. Қажырлы қызмет жолында еңбегі еленіп, бірқатар медальдармен және мемлекеттік марапаттармен наградталған.

Бүгінде жасы 104-ке келсе де, Анна Григорьевна азаматтық белсенділігін танытып, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.

Ардагерге зор денсаулық, амандық және жақындарының ортасында бақытты сәттер тілейміз!