Елордадағы екі қонақ үй International Travel Awards 2026 халықаралық сыйлығына ие болды

Елордадағы екі қонақ үй International Travel Awards 2026 халықаралық сыйлығына ие болды
фото: Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы

Елордалық екі бірдей қонақ үй беделді халықаралық марапаттардың біріне ие болды. Бұл International Travel Awards 2026 сыйлығы, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұл International Travel Awards 2026 сыйлығы. Wyndham Garden Astana Қазақстанның «Үздік бизнес және конференц-қонақ үйі» дәрежесінде жеңімпаз атанса, Ramada by Wyndham Astana «2026 жылдың үздік тарихи қонақ үйі» атағына ие болды.

International Travel Awards әлемнің 100-ден астам еліндегі туризм және қонақжайлылық индустриясының үздік жетістіктерін бағалайтын беделді халықаралық марапат. Сәйкесінше, ол қызмет көрсету сапасын, жоғары деңгейдегі сервис және бәсекеге қабілеттіліктің халықаралық деңгейде жоғары бағаланғанын көрсетеді.