Елордада үлескерлер көптен күткен пәтерлерін алды

Елордада үлескерлер көптен күткен пәтерлерін алды
фото: Астана қаласының прокуратурасы

 Астанада 350 үлескер «Атамари» тұрғын үй кешенінде қоныс тойын атап өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

2020 жылы азаматтар болашақ тұрғын үйге ақшалай қаражат салды және 5 жылдан астам уақыт бойы құрылыс салушы өзіне алған міндеттемелерін орындамады. Прокуратура 350 үлескердің мүддесі үшін талап арызын енгізді және аяқталмаған құрылыс объектісі жаңадан құрылған тұрғын үй-құрылыс кооперативіне берілді. Нәтижесінде «Атамари» ТК құрылысы аяқталды және үлескерлер көптен күткен пәтерлерін алды.

Жалпы, осы жылдың басынан бастап соттар 3,9 млрд теңге сомасына 277 үлескердің мүддесі үшін прокурорлардың 11 талап-арызын қанағаттандырды. Үлестік құрылыс саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс прокуратура органдарының тұрақты бақылауында. Елорда прокуратурасы азаматтарды салынып жатқан тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алмас бұрын тиісті рұқсаттың бар-жоғын тексеруге шақырады (сілтеме: homeportal.kz/shared-construction-objects)).