Елордада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас корпусы маңындағы Ақбұлақ өзенінде «TWO BRIDGES ENU» атты ашық кеме үлгілеу жарысы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Жарысқа Астана, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарынан 10-17 жас аралығындағы 40 жас инженер қатысады.
Сайыс барысында қатысушылар өз қолдарымен жасаған кеме үлгілерін суға жіберіп, бірнеше аталым бойынша бақ сынайды.
Жоба инженерлік-техникалық білімді қолдауға, шығармашылық қабілеттерді дамытуға және жастардың ерте кәсіптік бағдарлануына бағытталған.
Жарысты Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырады.
Көрермендер үшін қызықты турнир 20 қыркүйек күні сағат 11:00-де Ақбұлақ өзенінде өтеді.