Елордада цифрлық дәуірдегі жастардың дамуы мәселесі талқыланды

Елордада цифрлық дәуірдегі жастардың дамуы мәселесі талқыланды
фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Coventry University Kazakhstan базасында «Цифрлық өзгерістер дәуіріндегі Қазақстан жастары» тақырыбында пікірталас өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, үкіметтік емес сектордың, академиялық ортаның өкілдері мен жастар саясаты саласының мамандары қатысты.

Пікірталаста қазіргі қоғамдағы өзгерістердің жастардың дүниетанымына ықпалы, цифрлық ортаның жас ұрпақтың қалыптасуы мен қоғамға бейімделуіндегі рөлі және отбасы институтын нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиында аталған мәселелерді қамтыған «Қазақстан жастары» атты әлеуметтік зерттеудің қорытындылары таныстырылды. Зерттеуді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізді.

Зерттеу нәтижелері жыл сайын әзірленетін «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасын дайындау кезінде негізге алынады.

«Қазақстан жастары» әлеуметтік зерттеуінің нәтижелерін ресми сайттан білуге болады.