Елімізде Құрылтай есімді 10 адам бар

Елімізде Құрылтай есімді 10 адам бар
Фото: Оңалхан Өнерхан

Құрылтай есімі және оның нұсқалары бүгінде Қазақстанда өте сирек кездеседі. 2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша «Құрылтай», «Курылтай», «Курултай» және «Курлтай» есімдерімен 10 азамат тіркелген. Олардың 6-ы ер адам, 4-і әйел. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жазды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұл есімді иеленген азаматтардың ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында тіркелген – 4 адам. Алматы қаласында 2 адам тұрады. Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әрқайсысында бір адамнан тіркелген.

10 адамның бесеуі 65 жастан асқан. Олардың ішіндегі ең үлкені – 80 жаста. Қалған төрт адам 30-34, 50-54, 55-59 және 60-64 жас аралығындағы топтарға жатады.