Достық үйінде қоғам бірлігін нығайту мәселесі талқыланды

Достық үйінде қоғам бірлігін нығайту мәселесі талқыланды
фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Халық Кеңесінің өкілдері этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдардың мүшелері және жастармен кездесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында Қазақстан Халық Кеңесі қызметінің негізгі бағыттары, қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту және ел бірлігін нығайтудағы этномәдени бірлестіктердің рөлі талқыланды.

Сондай-ақ жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуы мен ашық диалогты дамыту мәселелері сөз болды.

Жиын соңында қатысушылар өз ұсынысын ортаға салып, алдағы бірлескен жұмыстың бағыттарына тоқталды.