Домбыра  – халқымыздың рухы, ұлттық жадымыздың сақтаушысы, ұлы даланың үні

Домбыра  – халқымыздың рухы, ұлттық жадымыздың сақтаушысы, ұлы даланың үні

Астана қаласы мәслихатының депутаты Азамат Айтхожин Ұлттық домбыра күніне орай құттықтау тілегін жеткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

- Домбыра  – халқымыздың рухы, ұлттық жадымыздың сақтаушысы, ұлы даланың үні. Оның қоңыр үнімен ұрпақ тәрбиеленіп, ел тарихы, ерлік шежіресі мен ата-баба аманаты ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жетіп келеді. Қос ішектен төгілген әрбір күй – азаттықтың, бірліктің, туған жерге деген сүйіспеншіліктің және ұлттық рухтың көрінісі. Домбыра – өткен мен бүгінді жалғайтын алтын көпір, халқымыздың мәдени коды мен мәңгілік құндылықтарының символы. Қасиетті қара домбыраның үні ешқашан үзілмей, әр шаңырақта күмбірлеп, ұлт рухын асқақтата берсін!- дейді депутат.