«Домбыра Party» әдеби сазды кешіне шақырады

«Домбыра Party» әдеби сазды кешіне шақырады

Астана қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен 10 тамыз – Абай күніне арналған «Домбыра Party» әдеби сазды кеші өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Іс-шараға қатысушылар дана Абайдың әндерін шырқап, руханият бұлағы – өлеңдері мен қара сөздерін еске түсіріп, Есілдің жағасында демалып қайтады.  Ұлы ақынның туған күніне арналған жиын Есіл өзенінің жағалауы, Кенесары Хан ескерткішінің маңы, Жазғы караоке алаңында өтеді.