Димаш Құдайберген «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысады

Димаш Құдайберген «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысады
фото: видеоскрин

Димаш Құдайберген «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қатысады. Бұл туралы ол өзінің Insagram парақшасында бейнежазба жариялады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

-Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны басталды.

Мен де марафонға байқаудан тыс «Парасат» санаты бойынша қатысып, белгілі суретші әрі ядролық қаруға қарсы қозғалыс белсендісі Кәріпбек Күйіковтің @karipbek_kuyukov «Жизнь без рук» («Қолсыз өмір») автобиографиялық кітабын ұсындым.

Қарағандыда Кәріпбек ағамен кездесіп, оның қайсарлығы мен рух беріктігіне тәнті болдым.

Марафон кітап оқуға, тағылым алуға және ой бөлісуге жол ашсын!-деді ол.