Депутаттар Құрылтайдың сегіз комитетін бекітті

Депутаттар Құрылтайдың сегіз комитетін бекітті
фото: Aqorda

Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың жалпы отырысында тұрақты комитеттердің саны мен атауы нақтыланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

ҚР Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы конституциялық заңның 35-бабының 1-тармағына сәйкес, Құрылтайдың тұрақты комитеттерінің саны сегізден аспауы тиіс.

Құрылтай депутаты Снежанна Имашева Құрылтай құрамын сегіз комитеттен құруды ұсынды.

Комитеттің келесі атаулары ұсынады:
бірінші — Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті,
екінші — Әлеуметтік-мәдени даму комитеті,
үшінші — Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті,
төртінші — Қаржы және бюджет комитеті,
бесінші — Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті,
алтыншы — Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті,
жетінші — Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті,
сегізінші — Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті. 

Дауыс беруге 144 депутат қатысты және 142-сі жақтады. Шешім қабылданды.