Чехияға жұмысқа тұрғызамын деп уәде берген алаяқ ұсталды

Чехияға жұмысқа тұрғызамын деп уәде берген алаяқ ұсталды
фото: Астана қаласының Полиция департаменті

Астана қаласында Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері Чехия мемлекетіне жұмысқа тұрғызып беремін деп бірнеше азаматты алдап, ірі көлемде қаржы жымқырған 31 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті азаматтарды оңай жолмен шетелге шығарып жұмысқа тұрғызып беремін деп сендіріп, 6 эпизод бойынша алаяқтық әрекетке барған. Ол уәде етілген қызметі үшін түрлі сомада ақша алып, кейіннен байланысқа шықпай қойған. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Келтірілген шығын сомасы шамамен 800 мың тг құрады.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция департаменті азаматтарды шетелге шығуға көмектесемін дейтін жеке тұлғаларға сене бермеуге, жұмысқа орналастыру қызметін ұсынатын компанияның лицензиясы мен заңды қызметін міндетті түрде тексеру қажет, сондай-ақ келісімшартпен мұқият танысып, оның талаптарын толық түсінбейінше ақша аудармаған жөн, күмән туындаған жағдайда бірден 102 хабарласуға шақырады.