Бүгін Халықаралық жастар күні атап өтіледі

Бүгін Халықаралық жастар күні атап өтіледі
фото: ortcom.kz

1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 12 тамыз Халықаралық жастар күні болып белгіленді. Бүгін Халықаралық жастар күні атап өтіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жастар – елдің бүгінгі белсенді күші, жаңа идеялар мен батыл бастамалардың қозғаушысы. Бүгінде Қазақстанда 6 миллионға жуық жас бар. Мемлекет тарапынан жастардың сапалы білім алуына, еңбекке араласуына, баспаналы болуына, кәсіп бастауына және шығармашылық әлеуетін дамытуына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Қазақстандық жастар волонтерлік қозғалысқа да белсенді қатысып келеді. 

Жас қазақстандықтарды Халықаралық жастар күнімен құттықтаймыз!