Бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке өтеді

Бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке өтеді
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласындағы «Жастар» сарайында бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке өтеді,  деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жәрмеңкеде 50 жұмыс беруші жастарға 1 000-нан астам өзекті бос жұмыс орындарын ұсынады. Қатысушылар бос жұмыс орындарымен танысып, еңбек жағдайлары мен жұмыс берушілердің талаптары туралы ақпарат ала алады, сондай-ақ жәрмеңке барысында тікелей сұхбаттан өте алады.

Жәрмеңке 27 тамыз күні Республика, 34 мекенжайында орналасқан «Жастар» сарайында сағат 14:00-16:00 аралығында өтеді.