«Болашақ ойындары 2026» powered by Samruk-Kazyna турниріндегі MOBA шешуші ойындары қалай өтуде?

«Болашақ ойындары 2026» powered by Samruk-Kazyna турниріндегі MOBA шешуші ойындары қалай өтуде?
фото: astana2026.gofuture.games

Battle Royale - PUBG: BATTLEGROUNDS Presented by Alatau City Bank дисциплинасы аяқталып, 17 Gaming командасы бас жүлдені қанжығасына байлады. Дәл осы уақытта Phygital Basketball Presented by Halyk Fund финалистері анықталды, ал MOBA PC Dota 2 Presented by CenterCredit турнирі шешуші (Decider) матчтар кезеңіне өтті. Барлық алаңдардағы спорттық шиеленіс шегіне жетіп, қатысушылардан барынша зейін қоюды және өзгермелі жағдайларға тез бейімделуді талап етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

PUBG-дегі шарықтау шегі, үш ойын күні мен 15 матч көрермендерді соңғы картаға дейін тағатсыздандыра күттірді. 1 миллион доллар көлеміндегі жүлде қоры турнир кестесінің көшбасшылары арасында келесідей бөлінді:

  • 1-орын: 17 Gaming, 131 ұпай, ұтысы 300 000 доллар.
  • 2-орын: GAM The Expendables, 120 ұпай, ұтысы 120 000 доллар.
  • 3-орын: Team Vitality, 106 ұпай, ұтысы 100 000 доллар.
  • 14-орын: DIGA Esports, 59 ұпай, ұтысы 15 000 доллар.

17 Gaming ойыншылары өз жетістіктеріне пікір білдірді: «PUBG ойынының болашағы зор. Биыл бұл ойын бойынша турнирлер саны көбейіп келеді, қызығушылық та артып жатыр, алдағы уақытта қайта оралып, жанкүйерлеріміз үшін тағы бір чемпиондық атақ жеңіп аламыз деп үміттенеміз. Астана туралы әсеріміз де өте жақсы: мұнда ауа райы ыстық, бірақ тағамдары өте дәмді екен».

Үшінші күн нағыз төзімділік сынағы болды. Team Vitality ойыншысы Артем Баскаков былай деп атап өтті: «Үшінші күн біз үшін ауыр өтті, ойын аймақтарының орналасуы бізге қолайлы болмады. Соған қарамастан ұпай жинап, үздік үштікке ену үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Өз стилімізден таймай, шайқасқа мүмкіндік іздедік, сабырмен ойнап, команда ішінде үнемі байланыста болдық».

DIGA Esports өкілі Санжар Қалиев жоғары деңгейдегі ойын туралы әсерімен бөлісті: «Бізбен бірге әлемнің ең үздік 15 командасы өнер көрсетті, сондықтан ойын өте қиын болды. Соған қарамастан, біз жаман нәтиже көрсеткен жоқпыз деп ойлаймын, осындай беделді турнирге қатысудың өзі біз үшін үлкен мәртебе. Жанкүйерлердің қолдауын естіп, көру бізге ерекше жылулық сыйлады».

Phygital Basketball турниріндегі драмалық жартылай финалдар

«Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінің алаңында командалар финалға шығу үшін барын салып, цифрлық және физикалық спорт арасындағы теңгерімді көрсетті.

Wilders командасы Triada ұжымын 34:26 жалпы есебімен қапы қалдырып, финалға жолдама алды. Цифрлық кезеңде Wilders 20:12 есебімен айқын басым түсті, ал физикалық паркетте командалар терезесі тең ойын көрсетті (14:14).

LIGA PRO TEAM командасы Dangerous ұжымын жалпы 30:26 есебімен ұтты. Цифрлық бөлімде LIGA PRO TEAM сенімді артықшылыққа ие болды (20:14). Физикалық кезеңде Dangerous жеңіске жеткенімен (12:10), бұл финалға шығуға жеткіліксіз болды.

LIGA PRO TEAM командасының ойыншысы Владислав Мелешкин (Meleshkin) ұжымның өнерін бағалады: «Бұл біздің команда үшін үшінші финал, бірақ мен физикалық бөлімдегі ойынымызға аздап көңілім толмады. Диджиталда жақсы ойнадық, ал паркетте ұпай жоғалттық. Алайда ертеңге деген көңіл-күйіміз әрқашан біреу ғана: жеңіске жету. Біз "Болашақ ойындарында" қатарынан үшінші рет өнер көрсетіп жатырмыз, "три-пит" жасай аламыз деп қатты үміттенемін. Келесі "Болашақ ойындарында" да, одан кейінгісінде де, одан кейінгісінде де ойнағым келеді».

MOBA PC Dota 2 Presented by CenterCredit турниріндегі стратегиялық басымдық

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының аренасында BO3 форматындағы шешуші (Decider) матчтар басталды. Алғашқы жекпе-жектерде PlayTime командасы Execration ұжымын 2:1 есебімен жеңіп, ерік-жігерлі жеңіске жетті, ал Team resilience дәл сондай 2:1 есебімен Yellow Submarine командасынан басым түсті.

PlayTime командасының ойыншысы Гектор Максимо Орозко Альза (Wits) матчтың негізгі сәті туралы айтып берді: «Ойынның басынан-ақ бізге қиын болатынын түсіндім, бірақ 30-минутқа дейін шыдасақ, ойнау жеңілдейтінін білдік. Біз мұны істей алдық. Аегисті* алдық. Менің ойымша, бұл Рошпит маңындағы бес те бес төбелес болды. Рошанды ұрлаған кезде бәрі өзгерді деп ойлаймын. Біз жақсы стратегияға келдік деп санаймын. Өткен түнде біз драфтты талқыладық: не істегіміз келеді, қандай кейіпкерлерді таңдаймыз. Қандай кейіпкер қажет екенін шешу үшін ғана екі сағаттай пікір таластырдық. Сонымен қатар, біз қарсыласты жақсы оқи алдық».

Аегис (Aegis of the Immortal / Өлместік эгидасы) - Рошанды өлтіргеннен кейін түсетін артефакт. Ол затты алған ойыншыға өлгеннен кейін сол жерде толық денсаулық пен мана қорымен бір рет лезде қайта тірілуге мүмкіндік береді, бұл маңызды шайқастарда жиі шешуші факторға айналады.

**Рошан (Roshan) - ойын картасындағы ең күшті бейтарап босс. Оны жеңу командалық күш-жігерді талап етеді және стратегиялық басымдық, алтын, сондай-ақ бірегей зат - Аегис береді.