Білім күні аталды

Білім күні аталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасына қарасты №104 жалпы орта білім беретін мектепте алғашқы қоңырау соғылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Елдегі «Білім күні» қарсаңында аталған іс-шара ұйымдастырылды. Басты мақсат – оқу процесінің басталғандығын, жаңа оқу жылының белең алғанын сезіндіру.

Қазақстан республикасының Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясының мүшесі Снежанна Имашева өзінің құттықтау лебізін білдірді.

«1-қыркүйек ерекше әрі толқынысқа толы күн. Дәл осы күні оқу процесін шынайы сезіне аласыз. Елде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қуатты мемлекетті білімді, алғыр ұлттың негізгі. Ең бастысы білімге деген құштарлықты арттыру маңызды. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде қабылданып жатқан заңдардан гөрі, зерделі ұрпақтан белгілі болады», – деді Құрылтай депутаты.

Сонымен бірге «Elorda Aqparat» ЖШС Бас директоры, Астана қаласы Қоғамдық Кеңесінің мүшесі Олжас Сыдықбек сөз сөйледі.

«Еліміздің әр орталығында, ауыл-аймақта оқу процесі басталды. Астана қаласының өзінде 35 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттады. Жақсы білім – жарқын болашаққа жасалған игі қадам. Елордада оқу зор мерей. Өйткені, бұл шаһар – еліміздің жүрегі. Мұнда білім алу үлкен бақыт пен жауапкершілік болып есептеледі», – деді Олжас Дәуренұлы.

Астана қаласы әкімдігінің №104 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Нұртас Жағабаев ой-пікірімен бөлісті.

«Жаңа оқу жылы басталып жатыр. Біздің мектепте де «Білім күніне» орай үлкен іс-шара өткізілді. 1-сыныпқа 460 шамасында оқушы келді. Сондай-ақ 17 сынып қабылданды. Мектепте құр білім беріп қана қоймай, тың ойлай алатын, өз-өзіне жауапты, адами құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ қалыптастыруға үлес қосу діттелді. Ал ұстаздардың еңбегін білім саласына құйылып жатқан инвестиция деп айта аламыз, – деді ол.

Бұл білім ошағы 2024 жылы ашылған. Алғаш ашылған кезде 1400 оқушымен оқу үдерісін бастапты. Бүгінгі таңда 4 мың оқушымен толығып отыр. Қазір екі ауысым бойынша жұмыс істеп тұр.

«Мектепте жас ұстаздарға да қолдау бар. Білікті мұғалімдермен шеберлік жүргізіледі. Қазіргі таңда «Кітап оқитын ұлт» жобасы ең бірінші кітап оқитын ұжымнан басталады деп санаймыз. Біз кемелденген мекемеге айналып келеміз. Негізгі мақсатымыз – Конституциялық құндылықтарды сақтай отырып, өз елінің патриотын қалыптастыру. Бүгінгі оқушы ертеңгі елдің дәрігері, саясаткері, көшбасшы. Сонымен қатар, ата-аналар бұрышы жұмыс істейді. Осының бәрі білімнің шырағданын жағу болып саналады, – мектеп директоры.