Балаларға сақ болыңыздар!

Балаларға  сақ болыңыздар!

Бас қалада бір күнде төрт бала терезеден құлап, екеуі қаза тапты. Олар әртүрлі биіктен құлаған.

10 және 16-қабаттан құлаған балалар алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Оның біреуі 3 жаста, екіншісі 6 жаста болған. Тағы екеуі оқиға орнынан жедел жәрдеммен балалар стационарына жеткізілді. Қазіргі уақытта екі бала да жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Астана қаласының полициясы ата-аналар мен барлық ересек адамды балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады.

Жыл басынан бері елордада балалардың терезеден құлап кетуінің 45 оқиғасы тіркеліп, оның 12-сі қайғылы жағдаймен аяқталған. Мұндай оқиғалар, әдетте, балалар қарау­сыз қалған кезде және үйде қарапа­йым сақтық шаралары сақталмаған жағдайда болады.

Полиция осындай қайғылы жайттардың алдын алу үшін мынадай ережелерді сақтауды ұсынады:

– Егер терезе ашық болса немесе бөлмені желдетіп жатсаңыз, балаға үнемі көз салыңыз;

– Балалардың ересектерсіз балконға шығуына жол бермеңіз;

– Кішкентай балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыз – тіпті олар ұйықтап жатса да;

– Терезе маңындағы жиһазды, әсіресе бала мініп кетуі мүмкін төсек пен орындықтарды алыстатыңыз.

– Масаға арналған тор бұл қорғаныс құралы емес. Бала оған сүйенуге болады деп ойлап, онымен бірге құлап кетуі мүмкін.