Байқоңыр ауданында 500-ге жуық жасыл желек отырғызылады

Байқоңыр ауданында 500-ге жуық жасыл желек отырғызылады
Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты

Күзгі экологиялық айлық аясында елордалық Байқоңыр ауданының аумағында кешенді көгалдандыру және жасыл аймақтарды жаңарту жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Көгалдандыру жұмыстары Абай даңғылында, Кенесары, Пушкин және Ташенев көшелері бойындағы қоғамдық кеңістіктерде жүргізіледі және елорда климатына төзімді 500-ге жуық жасыл желек түрлерін отырғызу қарастырылған. Олардың қатарында үйіңкі түрлері, жасыл шетен, ұсақжапырақты қарағаш, қызыл тал және мамыргүл сияқты ағаш-бұта түрлері бар.

Бұл бастама ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға және тұрғындар үшін жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.

Айта кетейік, жыл басынан бері аудан аумағында барлығы 2000-нан аса жасыл желек отырғызылды.