Республика күні қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мемлекеттік және құрылымдық мекеме қызметшілер арасында «Қазақша Quiz» интеллектуалды сайысын ұйымдастырды.
Бұл сайыс елдегі Заң мен тәртіп қағидаты аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілер және оған теңестірілген, бағынышты ұйымдар арасында заң, адалдық, мемлекеттік қызмет төңірегінде әртүрлі сұрақтар қойылып, командамен жарысты.
Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас маманы Жапсарбай Шыңғыс ой-пікір білдірді.
– «Қазақша Quiz» іс-шарасы – Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бастамасымен өткізілді. Бұл жарыс – Заң мен тәртіп қағидасының аясын кеңейту мақсатын діттеді. Білім мен біліктілік сынға түскен бәсекеге 17 команда қатысты. Әрбірінде 5 адамнан есептегенде, 90 қатысушы жұмылдырылды. Сондай-ақ жеңімпаздарға ақшалай сыйақы берілді. Өзге де қатысушыларға қазақ әдебиеті, қазақ тіліне байланысты кітаптар сыйға тартылды. Осылайша ой-зердені шыңдаған, білімділікті танытатын сайыс, жоғары деңгейде өткізілді деп айтуға толық негіз бар, – деді ұйымдастырушы.