Астанада 10 жылдан бері тұрғылықты жері бойынша балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған «Аула клубтары» әлеуметтік жобасы табысты жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Жоба Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығының аула клубтарын дамыту бөлімінің жетекшілігімен жүзеге асырылуда.
Бүгінгі таңда қалада 2500-ге жуық тәрбиеленушіні қамтитын 10 аула клубы жұмыс істейді. Бұл негізінен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар мен жастар.
* «Алматы» ауданында 4 клуб жұмыс істейді: «Қыран», «Жасқанат», «Tahtay», «Армандастар».
* «Байқоңыр» ауданында «Бәйтерек» клубы жұмыс істейді.
* «Есіл» ауданында «Ақжол» клубы жұмыс істейді,
* «Сарыарқа» ауданында 3 клуб жұмыс істейді: «Динамо» Profit, SABAT FIGHT CLUB.
* «Нұра» ауданында «Үркер» клубы жұмыс істейді.
Аула клубтары 130 түрлі үйірмелер мен секцияларды ұсынады. Олардың 74-і спорттық, 56-сысы шығармашылық. Клубтардағы Барлық сабақтар тегін өткізіледі.
Тәрбиеленушілерді қабылдау процесі ikomek109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы клубтар туралы ақпарат алуға және сабаққа жазылуға болады.