Бір айда 14 мың адамға көбейді

Бір айда 14 мың адамға көбейді
фото: Астана қаласының әкімдігі

Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ел халқының саны туралы жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жарияланған деректерге сәйкес, Қазақстан халқының саны 20 633 529 адамға жетті. Ал 1 қыркүйекте бұл көрсеткіш 20 618 796 адам болған. Демек, бір айда қазақстандықтардың саны 14 733 адамға көбейген.

Сондай-ақ қала халқының саны 13 254 158 адамды, ал ауыл халқының саны 7 379 371 адамды құрады.

Халқы ең көп қала бұрынғысынша Алматы болып отыр. Мұнда 2 348 103 адам тұрады. Одан кейін Астана қаласы орналасқан. Ел­орда халқының саны – 1 639 176 адам. Үздік үштікті 1 294 050 тұрғыны бар Шымкент қаласы түйіндейді.