Аударыспақтан қазақстандық үш спортшы финалға өтті

Аударыспақтан қазақстандық үш спортшы финалға өтті

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында аударыспақтан жарыс өтіп жатыр. Этноауылда өтіп жатқан дүбірлі доданы көруге жиналғандардың қарасы көп, деп хабарлайды astana-akshamy.kz


Аударыспақ ойындарына 9 елден 64 ойыншы қатысуда. Оның қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей, Қытай, АҚШ, Түркия және Венгрия бар.

«Түстен кейін өтетін ақтық сынға Қазақстаннан үш спортшы жолдама алды. Олар – Ермек Құралбай (60 келі), Алмат Ләтіпбек (70 келі) және Дарын Өткелбай (80 келі). Жалпы аударыспақ бойынша қазақ және қырғыз командасы мықты саналады», - деді аударыспақ спортынан Қазақстан құрамасының бас баспкері Жанбатыр Бимұсаев.


Айта кетейік, бүгін 9 қыркүйек күні Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушы спортшылар 7 спорт түрінен сынға түсіп жатыр.