Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рақымжанов Құрылтай депутаттарын сайлаудың алғашқы нәтижесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Оның айтуынша, бұл – Қазақстан тарихындағы маңызды күн. Алғаш рет өткен Құрылтай сайлауы саяси партиялардың өздеріне қойылған міндеттерді қаншалықты орындағанын көрсетті.
Алдын ала экзитпол нәтижесі бойынша ОСДП 5 пайыздан астам дауыс жинап, лайықты нәтиже көрсеткен.
«Бізді қолдаған және партиямыздың көзқарастары мен құндылықтарын бөлісетін сайлаушыларға алғыс айтамын. Қазақстанның саяси алаңындағы сенімді күш ретінде жұмысымызды жалғастырамыз», – деді Асхат Рақымжанов.
Партия төрағасы ЖСДП-ға сенім білдірген қазақстандықтарға, сондай-ақ сайлау науқаны бойы партия мүшелерімен бірге еңбек еткен белсенділер мен еріктілерге ризашылығын жеткізді.
Сонымен қатар ол 5 пайыздық межеден өткен партияларға құрмет білдіріп, бұл Қазақстанда белсенді әрі жауапты саяси күштердің кең ауқымы қалыптасқанын көрсететінін атап өтті.
«Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл – үлкен жауапкершілік», – деді партия төрағасы.