Астанадағы Музыкалық жас көрермен театрында ақын, аудармашы Камал Әлпейісованың 70 жылдық мерейтойына арналған «Жапырақтары жанымның» атты шығармашылық кеш өтті.
Кеш барысында театр әртістері ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін орындады. Көрермендер Камал Әлпейісованың шығармашылығына арналған әсерлі қойылымдар мен музыкалық композицияларды тамашалады.
«Камал апай жырларымен де, әндерімен де, аудармаларымен де оқырман қауымға етене таныс авторлардың бірі. Бүгін ақынның мерейтойына орай ұйымдастырылған кеш өте жоғары деңгейде өтті. Біз жазушының жан әлеміне саяхат жасағандай әсер алдық» деді кеш қонағы Дина Қалжанова.
Шығармашылық кеш барысында ақынның әдеби мұрасы мен өнердегі еңбегі кеңінен насихатталып, көрерменге оның шығармашылық әлемі таныстырылды.
Шапағат Әбдір