Астанада Жетісу облысының креативті жәрмеңкесі өтеді

Астанада Жетісу облысының креативті жәрмеңкесі өтеді

Астана қаласындағы Qazaq Creative Hub алаңында алдағы демалыс күндері «Creative Aimaq» республикалық жобасы аясында Жетісу облысының дәстүрі, мәдениеті, өнері мен заманауи шығармашылығын дәріптейтін жәрмеңке өтеді,  деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Екі күн бойы елорда тұрғындары мен қонақтары өңірдің ұлттық мұрасы мен шығармашылық әлеуетімен таныса алады. Жәрмеңкеде өңірдің табиғаты мен туристік әлеуетін таныстыратын Welcome Zone интерактивті аймағы ашылады.



Ұлттық аспаптар әлемінде қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары таныстырылады. Nomad Art Hall алаңында «Zhetysu Creative» бейнеролигі, Б. Римова атындағы академиялық драма театрының театрландырылған қойылымы және Nomad Style Show ұсынылады. Ethno Village аумағында ұлттық тұрмыс, ат әбзелдері, ағаш және сүйек бұйымдары таныстырылады.

Іс-шара 15-16 тамызда Жошы хан көшесі, 16/2 мекенжайындағы Qazaq Creative Hub алаңында өтеді.