Астанада Халықаралық қарттар күніне орай «Елорда» халықтық ардагерлер хорының мерекелік концерті өтті. Шара Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Концерт барысында хор мүшелері көрермендерге музыкалық шығармаларын ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шара аға буын өкілдеріне құрмет көрсетуге, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеуге және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталды.

Қатысушылардың бірі Үміт Әлібекқызының айтуынша, мұндай шаралар аға буын өкілдеріне қолдау көрсетіп, олардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

«Біз үшін мұндай концерттер – өнерімізді ортаға салып қана қоймай, үлкен буын өкілдерімен бірге қуаныш бөлісіп, кейінгі ұрпаққа өнеге көрсетуге мүмкіндік. Осындай кездесулердің жалғаса бергенін қалаймыз», – деді ол.

