Астанада туристік полиция шетелдік қонақтарға жан-жақты көмек көрсетті

Астанада туристік полиция шетелдік қонақтарға жан-жақты көмек көрсетті
фото: Астана қаласының Полиция департаменті

Астана қаласының туристік полициясы Қытай, Германия және Нигериядан келген шетелдік туристерге жан-жақты көмек көрсетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қытайдан келген турист қалада жолынан жаңылып, қонақ үйіне барар бағытты таба алмай қалған. Туристік полисөз ция инспекторы оған қытай тілінде тілдесіп, қажетті бағытты көрсетіп, елорданың көрікті жерлері туралы ақпарат берді.

Осындай көмек Нигерия және Германиядан келген туристерге де ағылшын тілінде көрсетілді. Оларға Астананың негізгі туристік нысандары таныстырылып, қала ішінде еркін бағдар алу үшін маршрут картасы мен туристік SIM-карта ұсынылды.

Германиядан келген турист ағасының өтінішін жеткізіп, Германия полициясында қызмет атқаратын туысына Қазақстан полициясының шевронын алып барғысы келетінін айтты. Туристік полиция қызметкерлері бұл өтінішті орындап, қонаққа естелік ретінде Қазақстандық полицияның шевронын табыс етті.

Астана қаласының Полиция департаменті туристік полиция қызметкерлері қала қонақтарына тәулік бойы көмек көрсетуге дайын екенін еске салады. Бағыт-бағдар беру, құқықтық кеңес ұсыну немесе қиын жағдайда қолдау көрсету – олардың күнделікті қызметінің маңызды бөлігі. Өйткені әрбір туристің елордадан алған жағымды әсері – Қазақстанның халықаралық деңгейдегі оң имиджінің ажырамас бөлшегі.