Астанада «Таңсәрі» муралы пайда болды

Астанада «Таңсәрі» муралы пайда болды
фото: Астана қаласының әкімдігі

Елордадағы көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне ерекше мурал салынды. Тұран даңғылы, 58 мекенжайында орналасқан «Кең дала» тұрғын үй кешенінің ғимаратындағы ауқымды «Таңсәрі» муралының жұмысы аяқталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Мурал Астана қаласы әкімдігінің және Урбанистика орталығының бастамасымен салынды. Қазақ мәдениетінде «таңсәрі» жаңа кезеңнің басталуын, үміт пен жаңаруды білдіреді. Көркем туынды қала сәулеті мен табиғаттың үйлесімін бейнелеп, кеңістікке жаңа көркемдік сипат беріп тұр.

Композицияның өзегіне заманауи қаланың қатаң сәулеттік келбетін ажарландыратын ашық түсті дала гүлдері алынған. Гүлдер ғимараттың қасбетімен бой түзеп, қалалық ортаға табиғи реңк мен жылулық сыйлайды.

Муралды салу жұмысына Астана және Қарағанды қалалары Урбанистика орталықтарының командалары AirG суретшілерімен бірлесіп атсалысты.