Қазақстанның табиғи мұрасын өнер арқылы танытуға бағытталған «Qyzyl Book Art: Дала қазынасы» республикалық балалар суреті байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Астанада өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Байқау Креативті индустрияларды дамыту қорының бастамасымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Оның негізгі мақсаты - Қазақстанның бірегей табиғи мұрасын дәріптеу, Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктерге назар аудару, өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Байқауға Қазақстанның барлық өңірінен жас суретшілер қатысып, 1 180-нен астам жұмыс ұсынылды. Қатысушылар «Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар» және «Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер» бағыттары бойынша, 1–4, 5–8 және 9–12 сыныптар арасында бақ сынады.
Сараптамалық комиссияның шешімімен 18 жеңімпаз анықталды. Сонымен қатар «Үздік экологиялық үндеу», «Үздік көркемдік шешім», «Үздік цифрлық туынды» және «Ең жас талант» арнайы номинациялары бойынша төрт қатысушы марапатталды.

«Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарлар» бағыты
1–4 сыныптар арасында I орынды Астана қаласындағы Жұмабек Тәшенев атындағы №10 мектеп-гимназиясының 5 «Д» сынып оқушысы Байгозина Адема Ергенқызы иеленді. II орын Алматы қаласындағы №57 мектептің 3 «А» сынып оқушысы Каримов Каримжан Рустамовичке берілді. III орын Шығыс Қазақстан облысындағы Балалар өнер мектебінің оқушысы Бақытхан Нұртөреге бұйырды.
5–8 сыныптар арасында I орынды Алматы облысындағы А. Малкеев атындағы «Білім-инновация» мектеп-интернатының оқушысы Молдахан Арлан Ерланұлы иеленді. II орын Алматы қаласындағы №67 жалпы білім беретін мектептің 6 «Ә» сынып оқушысы Асылхан Нұркәусар Женісханқызына берілді. III орын Алматы қаласындағы №208 мектеп-гимназиясының 9 «Б» сынып оқушысы Оспанова Жұлдызай Ордаханқызына бұйырды.

9–12 сыныптар арасында I орынды Түркістан облысындағы «Шарбұлақ» жалпы білім беретін мектебінің 10 «Ә» сынып оқушысы Елшибай Ернар иеленді. II орын Батыс Қазақстан облысының вальдорф бағытындағы мектеп-гимназиясының 9 «Б» сынып оқушысы Айткалиев Аслан Армановичке берілді. III орын Қызыл Жар ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектептің 11 «Б» сынып оқушысы Мақсұт Махаббат Мақсатқызына бұйырды.
«Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктер» бағыты
1–4 сыныптар арасында I орынды Ақмола облысы, Атбасар қаласындағы №3 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Маженова Аида Олжатайевна иеленді. II орын Түркістан облысы, Келес ауданындағы Т. Бердияров атындағы №20 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Нұралы Ақмейір Серікқызына берілді. III орын Алматы қаласындағы Zerde гимназиясының оқушысы Зиманова Айша Ермековнаға бұйырды.
5–8 сыныптар арасында I орынды Атырау облысындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы Binom school мектеп-лицейінің оқушысы Тұрақбай Жанайым Ғалымқызы иеленді. II орын Астана қаласындағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің оқушысы Оспан Нығметке берілді. III орын Астана қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицейінің оқушысы Қазбек Ажар Болатқызына бұйырды.

9–12 сыныптар арасында I орынды Ақмола облысы, Макинск қаласындағы мектеп-гимназияның оқушысы Касенова Дария Багдатовна иеленді. II орын Атырау облысындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының оқушысы Бекболат Нұрай Ермекқызына берілді. III орын Астана қаласы әкімдігінің №93 мектеп-лицейінің оқушысы Нұржігіт Алуа Анарбекқызына бұйырды.
Арнайы номинациялар:
«Үздік экологиялық үндеу» номинациясының жеңімпазы - Мұғау Омархан Амангелдіұлы.
«Үздік көркемдік шешім» номинациясының лауреаты - Серікбаева Қарақат Қанатқызы.
«Үздік цифрлық туынды» номинациясының лауреаты - Тохтар Жамиля Айдарқызы.
«Ең жас талант» номинациясының лауреаты - Какимова Диляра Мухтаровна.
Байқау аясындағы «Халық таңдауы» номинациясының жеңімпазы 19 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында өткен ашық онлайн дауыс беру арқылы анықталды. Номинация жеңімпазы - Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Оспан Мади.
Қатысушылардың жұмыстарын өнер, дизайн, экология және музей ісі салаларының мамандарынан құралған сараптамалық комиссия бағалады. Сараптамалық бағалау қорытындысы бойынша комиссия екі негізгі бағыттағы жеңімпаздарды және арнайы номинациялар бойынша лауреаттарды анықтады.
Сараптамалық комиссияның құрамына:
1. Қаракөз Мұқанова - Art Karakoz көркемсурет шеберханалары желісінің жетекшісі, өнертану ғылымдарының магистрі, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі.
2. Диана Тінікеева - кәсіби суретші, «Эмоджи» арт-студиясының жетекшісі, бейнелеу өнері және сызу пәндерінің 17 жылдық тәжірибесі бар оқытушысы.
3. Бақытжан Исакаев - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының бас сарапшысы.
4. Бауыржан Сағиев - галерист, арт-продюсер және куратор, TSE Art Destination жеке қорының директоры, заманауи өнер көрмелері мен Astana Art Show халықаралық фестивалінің ұйымдастырушысы.
5. Ардақ Мұқанова - мультимедиялық дизайнер және зерттеуші, өнер және дизайн саласының маманы, Қазақстан павильонының 2026 жылғы 60-шы Венеция биенналесіне қатысушысы.
6. Айбар Сейсенби - Тараз қаласынан шыққан суретші, негізінен кенепке акрил бояуымен реалистік живопись техникасында жұмыс істейді.
7. Дидар Шолпан - Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Ғылыми-әдістемелік жұмыстар» қызметі «Өнертану» бөлімінің жетекшісі.
Марапаттау рәсімі алдында Qazaq Creative Hub алаңында байқау жұмыстарының көрмесі ашылды. Көрмеде Қазақстанның барлық өңірінен келген жас суретшілердің еңбектері ұсынылып, қонақтарға экскурсиялар мен балаларға арналған шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылды. «Qyzyl Book Art: Дала қазынасы» байқауы балалар шығармашылығы мен экологиялық тақырыпты тоғыстырып, жас суретшілерге Қазақстанның табиғи байлығын өнер арқылы танытуға және оны сақтаудың маңызын жеткізуге мүмкіндік берді. Ұйымдастырушылар байқауға қатысқан балаларға, олардың ата-аналары мен ұстаздарына, сарапшыларға, серіктестерге және қонақтарға, сондай-ақ бастаманы қолдаған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне алғыс білдірді.