Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам жауапқа тартылды

Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам жауапқа тартылды
фото: polisia.kz

Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Polisia.kz сайтына жасап. 

Полиция қызметкерлері түн ортасында тұрғын үйлердің бірінің ауласында киімсіз жүріп, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, айналасындағыларға анық құрметсіздік танытқан 48 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Белгілі болғандай, бұл оның алғашқы әрекеті емес. Бұған дейін де аталған азамат өзенге жалаңаш күйде түсіп, жұртшылықтың назарын аударған. Алайда бұрынғы оқиғадан тиісті қорытынды шығармаған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, құқық бұзушы орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған Полиция қоғамдық тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін еске салады. Азаматтардың тыныштығын бұзып, қоғамға анық құрметсіздік білдіретін кез келген заңсыз әрекетке дереу тосқауыл қойылып, кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа тартылады.