Астанада полицейлер телефон ұрлығын ашты

Астанада полицейлер телефон ұрлығын ашты
фото: polisia.kz

Астанада полицейлер телефон ұрлығын ашты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Елордадағы дүкендердің бірінде 56 жастағы ер адам сатушының жоқтығын пайдаланып, сауда сөресінің ар жағына өзі өтіп кеткен. Ол жерден iPhone 11 Pro Max және Redmi екі телефонын алып, ештеңе болмағандай дүкеннен шығып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция азаматтар мен сауда орындарының өкілдерін мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Сондай-ақ бөтеннің мүлкін заңсыз иемденуге бағытталған кез келген құқыққа қайшы әрекет заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.