2026 жылғы 28–29 тамызда Астана қаласында LCOY Kazakhstan 2026 климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі Ұлттық жастар конференциясы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Конференция барысында халықаралық климат саясаты, БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы, Тараптарының 31-конференциясының рөлі мен перспективалары, Қазақстан Республикасының ҰДАҮ 3.0-ін іске асыру, жастардың климаттық бастамаларын қолдау, сондай-ақ экологиялық және климаттық жобаларды дамыту мәселелері талқыланды.