Астанада ақылы тұрақтың жаңа жүйесі Uims parking іске қосылды

Астанада ақылы тұрақтың жаңа жүйесі Uims parking іске қосылды
фото: Астана қаласының Көлік және жол - көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына қарасты «Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы» (ЖҚҰО) ЖШС-не «Астана автотұрақ кеңістігі» ЖШС қосу арқылы қайта ұйымдастыру шеңберінде халыққа қызмет көрсету сапасын едәуір арттыруға бағытталған жаңа UIMS Parking мобильді қосымшасы мен веб-порталы іске қосылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Астана қаласының Көлік және жол - көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап. 

Ресми платформа елордалық тұрақтардың цифрлық қызметтерін ыңғайлы, қолжетімді әрі ашық пайдалану үшін әзірленген.

Жаңа жүйеге өту кезінде көлік иелері үшін басты маңызды ақпарат:

Жеңілдіктер мен абонементтердің сақталуы: Барлық қолданыстағы жеңілдік санаттары мен бұрын рәсімделген абонементтер бірыңғай деректер базасында толық сақталды. Құжаттарды қайта тапсырудың қажеті жоқ.

Жеке шоттар: Пайдаланушылардың жеке шоттары мен баланс қалдықтары жаңа жүйеге толығымен көшірілді.

Төлем тәсілдері мен QR-кодтар: Қолданыстағы төлем арналары мен ақпараттық тақталардағы QR-кодтар өзгеріссіз қалады.

Төлем жасау уақыты: Ағымдағы тәуліктегі тұрақ сессиясы үшін төлемді бұрынғыша сонымен қатар сол күннің сағат 23:59 дейін жүргізуге болады.

Жаңа UIMS Parking қосымшасын App Store және Google Play-ден жүктеп алуға болады. Тұрақ аймақтарының орналасуы, ережелер мен тарифтер туралы барлық өзекті ақпарат жобаның ресми сайтында орналастырылған.

https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.uims.parking.mobile&hl=ru&ysclid=mu0wnf3c5x539356377&pli=1

https://apps.apple.com/kz/app/%D0%BF%D0%B0%D1%80%D0%BA%D0%BE%D0%B2%D0%BA%D0%B8-%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D1%8B-%D1%86%D0%BE%D0%B4%D0%B4/id6792999765