«Астана-Теплотранзит» АҚ-ның нысандарына баспасөз туры өтті

«Астана-Теплотранзит» АҚ-ның нысандарына баспасөз туры өтті
фото: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның бірқатар нысандарына баспасөз турын өткізді. Іс-шараға БАҚ өкілдері мен өңірлік комиссия өкілдері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

2026 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның орындалу ашықтығын қамтамасыз ету және оның нәтижелерін көрсету мақсатында қатысушылар жылу желілерін қайта жаңарту, жабдықты жаңғырту және жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандармен танысты.

Бағдарлама аясында жылу желілерін қайта жаңарту бойынша екі нысан көрсетілді: ТМ-10 жылу магистралін қайта жаңарту (УТ-10/УТ-13 учаскесі - М. Әуезов көшесінен А. Мамбетова көшесіне дейін, УТ-16/УТ-17 учаскесі - Бухарбай батыр көшесі, 21-үйден Кенесары көшесі, 24-үйге дейін); УТ-32(б) нүктесінен Республика даңғылы, 4/3 мекенжайына дейінгі жылу трассасын қайта жаңарту.

Іс-шарада «Астана-Теплотранзит» АҚ басқарма төрағасының режим және реттеу жөніндегі орынбасары - Абзал Жәлелұлы Сауғабаев баяндама жасады.

2026 жылға арналған бағдарлама бойынша жалпы инвестициялар көлемі 5 153 460 мың теңгені құрайды. Бүгінгі күнгі жағдай бойынша 6 370 метр жылу трассасы салынды. Нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстары мен бұзылған абаттандыруды қалпына келтіру жұмыстары аяқталу сатысында. Жұмыстар бекітілген өндірістік кестелерге сәйкес кәсіпорынның өз күшімен орындалуда.

Инвестициялық бағдарламаны іске асыру нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейін 53,4 %-дан 53 %-ға дейін төмендету, апаттық жағдайлар санын азайту, сондай-ақ тұрғын үйлерді, әлеуметтік және әкімшілік нысандарды жылумен жабдықтаудың сенімділігін арттыру жоспарлануда.