«Заң және тәртіп» нарративін іске асыру аясында Сарайшық ауданының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп «Astana LRT» қызметкерлері және басшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жиналысқа әкімдік өкілдері, төтенше жағдайлар басқармасы, полиция органдары, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және еңбек инспекциясы қатысты.
Кездесу барысында қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау мәселелері талқыланды.
Жобаның басшыларына қызметкерлердің қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ өртке қарсы және санитарлық нормалардың талаптарын сақтау бойынша тиісті ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, қызметкерлермен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша әңгімелесу өткізілді.
Бұл іс-шара қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.