Елордада Кёкушин Будокай каратэден қалалық турнир өтті. Спорттық іс-шара «Астана – есірткісіз қала» жобасы аясында ұйымдастырылып, жастар арасында есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Турнирді Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қатысуымен Кёкушин Будокай каратэ федерациясы ұйымдастырды. Жарысқа қатысушыларды спортқа ортақ құндылықтар – тәртіп, рух күші, қарсыласқа құрмет және жеке жетістіктерге ұмтылу біріктірді.
Мұндай бастамалар спортты кеңінен насихаттауға ғана емес, өскелең ұрпақтың есірткі мен құқық бұзушылықтарға қарсы берік ұстанымын қалыптастыруға да ықпал етеді.Спорттық жобаларды қолдау жастарды пайдалы істерге тартуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қоғамда қауіпсіз әрі қолайлы әлеуметтік ортаны нығайтуға мүмкіндік береді.