Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирін қабылдауға дайындалуда

Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирін қабылдауға дайындалуда
фото: Туризм және спорт министрлігі

2026 жылдың 29 шілдесі мен 9 тамызы аралығында Астана бірегей клубтық форматта «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық мультиспорттық турнирін қабылдайды: әлемнің үздік киберспортшылары халықаралық клубтарға бірігіп, алдымен виртуалды ареналарда, ал содан кейін, нақты паркетте, татами мен футбол алаңында бақ сынайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Турнир қатысушыларының қатарында әлемдік спорт пен киберспорттың аңызына айналған командалар бар: Team Spirit, T1, Team Falcons, Boca Juniors, Valencia Basket, LGD.Pinghu, NOVAQ.

Турнирде Қазақстанның атынан 8 бағыт бойынша 11 команда өнер көрсетеді:

  • Phygital Football UFL Presented by Samruk-Kazyna - ACF x Allur, UEL Team;
  • Phygital Basketball Presented by Halyk Fund - GTB KZ, PBC Astana;
  • Phygital Fighting Presented by Kazzinc - Future Nomads;
  • MOBA Mobile MLBB Presented by FREEDOM - Rune Eaters;
  • MOBA PC Dota 2 Presented by CenterCredit - Rune Eaters;
  • Battle Royale: PUBG BATTLEGROUNDS Presented by Alatau City Bank - DIGA Esports;
  • Phygital Shooter CS 2 Presented by Yandex GO - NOVAQ, TeamKZ;
  • Phygital Dancing Presented by Solidcore Resources - Гүлназ Аманғали.

Ашылу салтанатының тікелей көрсетілімін «Жібек жолы», «Qazsport» және «Хабар» телеарналары ұсынады, осының арқасында «Болашақ ойындарының» басталуын бүкіл ел көрермендері тамашалай алады. Телекөрермендерді AI-графика, ауқымды LED-инсталляциялар, лазерлік және жарық эффектілері, роботтандырылған элементтер мен әсерлі сахналық қойылым күтеді.

Жарыстар елорданың төрт негізгі спорттық нысанында өтеді: Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Beeline Arena ұлттық теннис орталығы, Барыс Арена көпбейінді мұз сарайы.

Кезеңдер күнтізбесі:

  • Phygital Basketball Presented by Halyk Fund - 29 шілде - 3 тамыз
  • Battle Royale: PUBG BATTLEGROUNDS Presented by Alatau City Bank - 31 шілде - 2 тамыз
  • MOBA PC Dota 2 Presented by CenterCredit - 2-5 тамыз
  • Phygital Shooter CS 2 Presented by Yandex GO - 4-8 тамыз
  • Phygital Football UFL Presented by Samruk-Kazyna - 4-9 тамыз
  • MOBA Mobile MLBB Presented by FREEDOM - 6-9 тамыз
  • Phygital Dancing Presented by Solidcore Resources - 6-7 тамыз
  • Phygital Fighting Presented by Kazzinc - 8 тамыз

Билеттерді сату ресми оператор Freedom Ticketon және Freedom SuperApp мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

БАҚ өкілдеріне арналған байланыс мәліметтері: 

Есбол Айлана, «Қазспортинвест» АҚ баспасөз хатшысы

pr@kazsportinvest.kz