Астана-1 вокзалы жаңа кейіпке енеді: Ауданы ұлғайып, заманауи лифтілер орнатылуда

Астана-1 вокзалы жаңа кейіпке енеді: Ауданы ұлғайып, заманауи лифтілер орнатылуда
https://t.me/kolikpress/25203

Астана-1 вокзалында қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, қайта жаңартудан кейін Астана-1 станциясы вокзалының ауданы 580 шаршы метрге ұлғайып, 8,4 мың шаршы метрді құрайды. Жаңартылған вокзал жолаушылар ағынына ыңғайлы қызмет көрсетуге есептелетін болады. Ол бүгінде тәулігіне 10 мың адамды, ал жылына 2,5 млн жолаушыны құрайды.

Нысанда шатырды монтаждау, ішкі инженерлік коммуникацияларды ажырату, шатыры бар жағалау перрондарын құру аяқталды. Әрлеу жұмыстары, конкорсты орнату және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Вокзалда жаңа эскалаторлар, лифттер мен көтергіштер орнатылған. Пандустар, ана мен бала бөлмелері, санитарлық бөлмелер және күту аймақтары жабдықталуда. Мобильділігі төмен жолаушылар үшін кедергісіз орта, соның ішінде тактильді навигация және көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған ақпараттық тақтайшалар қарастырылған, - делінген хабарламада. 

Қайта жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің 124 теміржол вокзалын жаңарту бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде. Оның басты мақсаты – жолаушылар үшін заманауи, қауіпсіз, қолжетімді әрі жайлы жағдайлар жасау.