Арман қала

Арман қала

Бүгінгі Астана шын мәнінде Отанымыздың жүрегіне, Тәуелсіздігіміздің тірегіне, барша қазақтың бас шаһарына баланған арман қалаға айналып отыр. Мен осы қаланың байырғы тұрғыны ретінде жаңа елордамыздың алғашқы қазығы қадалған күнінен бергі даму жолын көз алдымнан өткізген адаммын.

Жаңадан салынған, қазір де құрылыс ауқымы керемет ұлғайып бара жатқан Астана негізінен жастардың қаласына айналып бара жатқанын күнбе-күн байқаймыз. Бұл қала нағыз жастардың қаласы десем қателеспеймін. Бұлай баға беруіме басты себеп-жаңа қалада негізінен жастар өмір сүріп жатыр.

Бүгінде қала көшесі толған жастар, жаңа оқу жылы басталды, мектеп аулалары кілең қара домалақ біздің болашағымыз. Солардың алаңсыз, сенімді жүріс-тұрыстарына қарап «шүкір» деп жүремін. Осы жастар мен жасөспірімдер ертең-ақ өсіп, еліміздің де, елордамыздың да берекесін көбейтуге ат салысатыны сөзсіз. Осындай ойға беріліп жүріп өзімнің де жүрегім жылынып, көңілім көтеріліп жүреді.

Бүгінгі жастардың көріп жүргендері озық технология­мен салынып жатқан үйлер, жолдар, саябақтар мен гүлзарлар. Басқа да ,бұрынғы кеңес заманында түсімізге де кірмейтін істер бүгін көз алдымызда атқарылып жатыр. Осы заманауи жұмыстарды атқарып жатқандар тағы бөтен біреулер емес, өзіміздің жастар екенін көріп тағы да қуана түсесің.

Иә, осындай жайлы заман ұзағынан болса екен. Еліміздің тыныштығы сақталса екен. Еліміздің бірлігі мен берекесіне қызғанып қарайтындар болмаса екен деп тілеймін.

Президентіміз                                       Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай енді бүкіл еліміздің барлық өңірлерінде осы біздің Астанадағыдай құрылыс қарқын алмақ. Енді соған қажетті жұмысшы  мамандары даярлануы керек.

Осындай көтеріңкі ойларымды, әлі де болса азаймай тұрған шетел асып жатқандарға тосқауыл қоя алсақ. Ол заң жүзінде, экономикалық пайдалы тұрғыда жасайық. Сыртта табатын 2-2,5 мың доллардан, үйінде, өз елінде тапқан 1-1.5мың доллар пайдалы болса еш жаққа кетпейді. Білім қуып баратындарға жол жабылмау керек.Тек пайдалы білімді елімізде іске асыруына жағдай жасалуы қажет деп          ойлаймын.

Білімділер одағы құрылса, оларға лаборатория, цехтарды пайдалануға, үлкен кәсіпорындар, әкімшіліктер шын көмек берсе. Бізден де Марк Цукербергтер шығуы әбден мүмкін.

Халқымыздың осылай өсуін, өркендеуін тіліміздің дамуына пайдаланбай отырған тә­різдіміз. Бұл іске серпінді кә­сіпкерлер, ұйым басшылары, тұрғын үй иелері, солар тағайындаған менеджерлерг­е жүктесе,  күндегі қызметтерінде ана тілімізге үрке қарамайтын болса, есік алдындағы балалар, сабақ арасындағы үзілісінде қазақша сөйлеп кетуші еді. Бұл мәселе оңай емес, алайда оның шешімі тек бәріміздің қолымыз­да екені ұғынайық. Мүмкін, осы жұмысқа жанын салып атқарып жүрген жергілікті мамандарды қолдап отырса жемісін тез берер ме еді?!

Байқағаным, Астана тұр­ғындары, әсіресе жаңа қала жақта тұратын бауырларымыз­дан, бүкіл тұрғындардан қолдау табылады, ең бастыс елордалықтарда қаланың дамуына үлес қосуға деген ықылас, жігер бар.

Иә, Астана тұрғыны ретінде бөліскен бүгінгі ойым осындай болды.

Бейсембек Әлкенов,

Астана тұрғыны